Қазақстан әскери қызметшілері жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді

@МО РК
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері елдегі жаңа Конституцияны қабылдау туралы республикалық референдумға белсенді түрде қатысты.
Әскери бөлімдер мен мекемелер аумағында жалпы саны 24-ке жететін сайлау учаскелері ұйымдастырылды. Бұл шара барлық жауынгерлік құрамның мемлекеттік маңызы зор іс-шараға қосылуын қамтамасыз етті.
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының курсанттары мен мерзімдік әскери борышын өтейтін сарбаздар дауыс беру үшін әскери бөлімдерде, бөлімшелердің орналасу пункттерінде және әскери госпитальдарда ашылған учаскелерге келді. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жерлеріндегі сайлау учаскелерін пайдаланды. Референдумға Қарулы Күштердің барлық құрамы, олардың отбасы мүшелері, сондай-аж азаматтық персонал тартылды.
«Бұл жылы мен 18 жасыма толдым және алғаш рет дауыс беруге мүмкіндік алдым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Ел үшін маңызды осындай іс-шараларға белсенді қатысып, өзімнің азаматтық позициямды білдіру маңыз деп санаймын», – деді Астанадан Өскемен гарнизонына шақырылған, 27943-шы әскери бөлімінің мерзімдік қызметтегі сарбазы Аязбай Бекнұр.
Сонымен қатар, елден тыс жерде орналасқан халықаралық учаскелерде дауыс беру арқылы өз сайлау құқығын іске асырған 2000-нан астам әскер адамы болды. Олардың құрамына әскери оқу орындарының курсанттары, академиялардың тыңдаушылары және командировкадағы тұлғалар кірді.
«Қарулы Күштердің әскер адамы елдегі барлық азаматтар сияқты мемлекеттің болашағы үшін қабылданатын шешімдердің маңыздылығын түсінеді. Референдумға қатысу – бұл тек конституциялық құқықты іске асыру ғана емес, сонымен бірге белсенді азаматтық позицияны көрсетуді де білдіреді. Армияның жауынгерлік курамы ұлттық маңызы бар мәселелерде жауапкершілікті жоғарғы денгейде таныту дәстүрін сақтап келеді», – деп баса назар аударды тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Аскар Мұстабеков.
Әскер адамының дауыс беруге атсалу процесі ұйымдастырылған түрде және ҚР сайлау заңнамасының барлық талаптарына толығымен сәйкес өтті.
Дереккөз: www.gov.kz