Гарвард зерттеушілері АЭС пен ісік аурулары арасында байланыс тапты

2026 ж. 25 ақпан
Гарвард зерттеушілері АЭС пен ісік аурулары арасында байланыс тапты

@UlysMedia

ҒылымАвтор: Mangilik

Гарвард университетінің Т.Х. Чан атындағы халық денсаулығы мектебінің ғалымдары жаңа зерттеу нәтижелерін жариялады. Олар 2000-2018 жылдар аралығындағы өлім-жітім деректерін талдап, атом электр станцияларына жақын тұратын адамдар арасында ісіктен өлімнің жоғары екенін анықтады.

Зерттеу бойынша, осы кезеңде шамамен 115 мың ісіктен өлім жағдайы АЭС-ке жақындықпен статистикалық түрде байланысты болып шықты. Бұл жылына орта есеппен 6400 жағдайға сәйкес келеді. Ең күшті байланыс егде жастағы халық арасында байқалды.

Ғалымдар талдау жүргізу кезінде тұрғындардың табысы, білімі, этникалық құрамы, климаттық жағдайлар, темекі шегу деңгейі, дене салмағы индексі және ауруханаларға қолжетімділік сияқты көптеген факторларды ескерді. Барлық осы реттеулерден кейін де АЭС маңында тұратын адамдар арасында ісіктен өлімнің жоғары деңгейі статистикалық маңызды болып қала берді.

Зерттеудің жетекші авторы, профессор Петрос Кутракис нәтижелер атом станцияларының жұмысы (мысалы, радиация) мен ісік ауруларының тура себеп-салдар байланысын дәлелдемейтінін атап өтті, себебі радиация фонын тікелей өлшеу жүргізілмеген. Дегенмен, ғалымдар атом энергетикасының денсаулыққа әсерін тереңірек зерттеу қажеттілігін назарға алды.

Бұл қорытындылар Массачусетс сияқты штаттарда жүргізілген бұрынғы жергілікті зерттеулердің нәтижелерімен сәйкес келеді. Зерттеушілер атом электр станцияларының қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде мұрағаттаудың қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

Аталмыш зерттеуден бұрын Қазақстан үкіметi екіншi атом электр станциясының салу орнын бекiткен болатын.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Тегтер:АЭСденсаулықгарвардзерттеуисiкказахстан
Қаралым: 66

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз