Қазақстанда көмір электростанцияларының қызметкерлеріне арналған жеңілдікті ипотека енгізіледі

2026 ж. 24 наурыз
Қазақстанда көмір электростанцияларының қызметкерлеріне арналған жеңілдікті ипотека енгізіледі

@TengriNews

Қазақстан үкіметі елдегі көмір генерациясын дамытудың Ұлттық жобасын бекітті. Бұл бастама жаңа жұмыс орындарын құрумен, соның ішінде шамамен 4,5 мың тұрақты жұмыс орнымен, сондай-ақ арнайы жеңілдікті ипотека бағдарламасын енгізумен қатар жүреді.

Жеңілдікті ипотека көмір электр станцияларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналады. Бағдарламаны іске асыру Отбасы банкінің міндеттеріне жүктеледі.

Жоба мамандарды жүйелі түрде даярлау мен біліктілігін арттыру шараларын да қарастырады. Бұл мақсатта салалық жоғары оқу орындарының базасы пайдаланылады.

Жаңартылған энергетикалық жүйенін тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бастама тау-кен өндіргіш және көлік салаларымен үйлестіріледі. 2030 жылға қарай энергетикалық көмірге қосымша сұраныс шамамен 20 миллион тоннаны құрауы болжануда. Осы мақсатта Ұлттық жоба полувагондар паркін кеңейтуді (күніне 600 бірлікке дейін), теміржол инфрақұрылымын жаңартуды, сондай-ақ ішкі мұқтаж үшін отын тасымалының болжамды тарифтік коридорларын енгізуді көздейді.

«Жобаның іске асуы Қазақстанның энергетикалық егемендігін нығайтуға, сондай-аq отандық машина жасауды дамытуға мультипликативті әсер етеді. Бұл ел аумағында қазіргі заманғы котелдер, трансформаторлар және автоматтандыру жүйелерін шығаруды ынталандырады»

Осы шаралар нәтижесінде көмір генерациясы ұзақ мерзімді экономикалық өсудің негізін қамтамасыз ететін жаңа технологиялық деңгейдегі экологиялық жауапты секторға айналады деп күтілуде.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:энергетикажеңiлдiктi ипотекакөмip электроcтанцияcыОтбаcы банкіжұмыс орныэкология
Қаралым: 44

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз