Алтынколь–Хоргос түйінінің өткізу қабілеті 2026 жылға дейін екі есеге жуық өседі

@МТ РК
Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында негізгі инфрақұрылымдық түйіндерді жүйелі жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Алтынколь станциясы мен Хоргос шекаралық өткелі халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны болып табылатын біртұтас теміржол-шекаралық кешенді құрайды. Бұл түйін елдің транзиттік әлеуетінің өсуіне үлес қосады.
Алтынколь–Хоргос арқылы экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдаудың айтарлықтай көлемі жүзеге асырылады. Оның инфрақұрылымы жүктерді жедел өңдеуге, контейнерлерді қайта тиеуге, сондай-ақ екі мемлекеттің теміржол қызметтерінің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта түйіннің ірі масштабты жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда. Алтынколь–Жетіген учаскесінде екі перегонда ұзындығы 32 шақырым болатын екінші рельстер жолдары салынуда, сонымен қатар бес жаңа және сегіз бар разъезд дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл сызықтың тәуліктік өткізу қабілетін 18-ден 33 поезд пар санына дейін арттыруға мүмкіндік бередi.
Жобаларды іске асыру барысына ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Амангелдинұлы Келбуганов жұмыс сапары барысында танысты.
Жұмыстарды аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Бүл шараларды іске асыру Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретіндегі стратегиялық рөлін нығайтады, сондай-ақ ұлттық көлік-логистикалық жүйенiң тиімдiлiгiн арттырады.
Дереккөз: www.gov.kz