Өзбекстан мен Индонезия сауда-инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

@UZDaily
Өзбекстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Видеоконференция форматында өткен кездесуге Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Лазиз Кудратов пен Индонезия Республикасының Сауда министрі Буди Сантосо қатысты.
Екі жақ екіжақты қарым-қатынастың тұрақты оң динамикасын атап өтіп, 2025 жылы өзара сауданың айтарлықтай өскенін атап көрсетті. Кездесу барысында елдер арасындағы тауар айналымы 82 пайызға артқандығы белгілі болды.
Келіссөздер барысында өзбек ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейту, карантиндік және фитосанитарлық рәсімдерді жеделдету, сондай-ақ халяль-сертификаттарын өзара тану бойынша ынтымақтастық орнату туралы нақты келісімдерге қол жеткізілді. Бұл бастамаларды іске асырудың практикалық тетіктеріне ауысуға ерекше назар аударылды.
Кездесу нәтижесінде тараптар Сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге, сондай-ақ Өзбекстан мен Индонезия арасында еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді бастау туралы Министрлердің Бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.
Кездесуге қатысушылар жасалған келісімдер екіжақты өзара іс-кимылды сапалы жаңа деңгейге шығарады, өзамал пайдалы серіктестік үшін қосымша мүмкіндіктер тудырады және елдер арасындағы экономикалық байланыстарды ұзар мерзімді дамытуға серпін береді деген сенім білдірді.
Дереккөз: www.uzdaily.uz