Трамп жаңа салық жоспарын жариялады: барлық импортқа 10% баж салынады

@UlysMedia
АҚШ Президенті Дональд Трамп импортқа 10 пайыздық жалпы салық салуды жоспарлап отырғанын жариялады. Бұл мәлімдеме елдің Жоғарғы Соты президенттің бұрын белгілеген баж салықтарын заңсыз деп тапқан күні, 20 ақпанда жасалды.
Сот 2025 жылы мемлекет басшысының бірқатар елдерге қарсы бір жақты сауда тосқауылдарын енгізу арқылы өкілеттігін асырғанын айтты. Соттың шешімінде Трамп сілтеген төтенше экономикалық шаралар туралы заң тек ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төнгенде қолданылатынын, ал ауқымды баж салықтары үшін Конгрестің мақұлдауы қажет екенін көрсетті.
Трамп бұл шешімді қатты сынап, сотшылардың «шет ел мүдделерінің әсерінде» болғанын айтты. Ол өзінше ел қауіпсіздігі мәселесімен байланыстыратын баж салықтарының күшінде қалатынын атап өтті.
Еске салайық, 2025 жылдың сәуірінде президент 180 ел мен аймаққа қарсы сауда тосқауылдарын енгізгенін жариялаған болатын. 10 пайыздық уақытша мөлшерлемемен үш айлық келіссөздер кезеңінен кейін жарлық тамыз айында толық күшіне енді. Соңғы баж салықтары 10-нан 41 пайызға дейін өзгеріп, 69 мемлекетті қамтыды.
Сонымен қатар, Трамп әзірше егжей-тегжейі ашылмаған бірнеше жаңа тергеулерді бастауды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Дереккөз: ulysmedia.kz