Токаев негізгі нысандардың қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды
@TengriNews
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі маңызды нысандардың қауіпсіздігін нығайту бойынша бірқатар тапсырыстар берді.
Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, премьер-министрге, құқық қорғау органдарының басшыларына, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ облыстар әкімдеріне тіршілікке қажетті объектілерді, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды (әуежайлар, теңіз және өзен порттарын қоса алғанда) қорғау жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Бұл жұмысты кураторлау Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелген.
Бұдан бірнеше күн бұрын Иран аймағындағы жағдай шиеленіскенге байланысты Президент тағы да бір тапсырыс берген еді. Ол кезде ҚР ҚК Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке құқық қорғау органдары мен профильді министрліктердің басшыларымен бірлесе отырып, елдегі тұрақтылық үшін мүмкін болар қатер белгілері туындаған жағдайда жедел шаралар әзірлеу жоспарын ұсыну тапсырылған болатын.
Аталмыш шешімдерге дейін Мемлекет басшысының тапсыруымен барлық құқық қорғау органдары тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысты. Сыртқы істер министрлігінің кураторлығымен үкіметте арнайы мониторингтік топ іске кірісті.
Дереккөз: tengrinews.kz