Иран Кипр, Түркия және Әзірбайжанға шабуыл жасаған жоқ деп мәлімдеді
@TengriNews
Иранның Қарулы Күштері Кипр, Түркия және Әзірбайжан аумағына шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағай брифинг кезінде хабарлады.
«Әзірбайжан, Түркия және Кипрге қатысты Қарулы Күштердің Бас штабы нақты және ресми түрде Иран аумағынан немесе қарулы күштеріміз арқылы осындай зымыран атқылаулары болған жоқ деп мәлімдеді», – деп телеарнаға берген сөзінде Бағайдың айтқанын ирандық SNN телеарнасы хабарлады.
Өкіл сонымен қатар АҚШ пен Израильмен бітім туралы келіссөздер мүмкіндігін түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Иранның жауап шараларынан басқа нәрсе туралы айту дұрыс емес. «Әскери агрессия жалғасуда. Қазіргі жағдайда қорғаныстан, жауға сокыр соққы беруден басқа нәрсе туралы сөйлеу өте орынсыз», – деді ол.
Иран дипломаты АҚШ-тың мақсаты туралы да пікір білдірді. «АҚШ-тың мақсатының не екеніне ешбір күмән жоқ, осы уақытқа дейін АҚШ-тың мақсаты Иранның мұнай ресурстарына қол жеткізу екеніне ешкім күмәнданбады», – деп Бағай баса атап өтті.
Еске сала кетейік, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағына, оның ішінде Тегеранға зымырандық соққылар бастады. Иран жауап ретінде израильдік аумақтар мен Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарды нысана алды.
Дереккөз: tengrinews.kz