Қазақстанның елшісі Люксембург Ұлы Герцогына сенім грамотасын тапсырды

2026 ж. 13 наурыз
Қазақстанның елшісі Люксембург Ұлы Герцогына сенім грамотасын тапсырды

@МИД РК

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко Люксембург Ұлы Герцогы Гийомға сенім грамоталарын тапсырды.

Аудиенция Ұлы Герцог сарайында өтті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Роман Василенко Ұлы Герцогқа Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, сондай-ағ жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық референдум туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде, Люксембург Ұлы Герцогы Гийом Мемлекет басшысына ең жылы тілектерін жеткізіп, Қазақстанның аймақтық және халықаралық саясаттағы рөлінің артуын атап өтті. Монарх Люксембургтың сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген қызығушылығын білдірді.

Қазажстан мен Люксембург саяси диалог пен экономикалық өзара іс-кимылды дәйекті түрде дамытуда. Люксембург герцогтығы Еуропаның ірі қаржы орталыктарының бірі болып табылады және Еуропалык Одактағы елдің маңызды серіктесі болып отыр.

Жан басына шағым кіріс деңгейі бойынша Люксембург әлемде алдыңғы орындарды иеленеді. Халыкараралык Валюта Фондының деректері бойынша, 2025 жылғы көрсеткіш 146 мың АҚШ долларын құрайды. 2005 жылдан бергі Люксембургтан Казахстанга түскен түгел түктi инвестициялар агымнын көлемi 3,7 млрд АҚШ долларынан асса, бул люксембургык каржы мен инвестиция кауымдастыгынын казакстандык нарыкка турли кузырети бар екенин корсетедi.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:ЛюксембургРоман ВасиленкодипломатияГийоминвестицияларекiжакта катынас
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз