Дуров: Ресей Telegram-ға қол жетімді шектеу үшін әр күн жаңа себеп ойлап табады

@UlysMedia
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресейде өзіне қарсы «терроризмге көмектесу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ол өкіметтің азаматтардың платформаға қол жеткізуін шектеу мақсатында «әр күн жаңа себептер ойлап тапқанын» айтты.
Дуровтің пікірінше, бұл әрекеттер жеке өмірге қол сұқпаушылық пен сөз бостандығы құқығын басуға бағытталған. «Өз халқынан қорқатын мемлекеттің қайғылы көрінісі», – деп ол осы іс-әрекеттерді сипаттады.
Бұрын ресейлік БАҚ-тар тергеу жүргізілуі туралы хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, іс ФСБ деректеріне негізделген. Жарияланымдарда мессенджердің террористік актілер мен әскерилерді өлтіруді дайындау үшін пайдаланылғаны, сонымен қатар соғыс жағдайында «НАТО елдерінің арнайы қызметтері мен Киев режимінің құралына» айналғаны туралы мәлімдемелер болды.
Ресейде Telegram жұмысына шектеулер 2025 жылдың жазынан бастап енгізіле бастады. Ақпан айының басында билік сервисті тежеуді күшейтті, мұны «закондарды орындауды және азаматтарды қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігімен» түсіндірді.
Дереккөз: ulysmedia.kz