Общественные советтер жаңа Конституция жобасын қолдады
2026 ж. 18 ақпан

@МКИ РК
Конституциялық реформаАвтор: Mangilik
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестердің Координациялық орталығының отырысы өтті. Жиналысқа Координациялық орталық өкілдері, республикалық және өңірлік деңгейдегі қоғамдық кеңестер төрағалары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Мемлекеттік саясатты қалыптастыруда азаматтардың қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар Негізгі заң жобасына қолдау білдірді. Олар мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту шаралары мен қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Дереккөз: www.gov.kz
Тегтер:КонституцияҚоғамдық кеңесМәдениет министрлігіАстанаМемлекеттік басқаруАзаматтық қоғам
Қаралым: 4
Пікірлер (0)
Жүктелуде...