Қазақстан Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

@МТ РК
Қазақстан Көлік министрлігі Mobile World Congress 2026 халықаралық көрмесі аясында Huawei компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісімнің негізгі мақсаты – көлік саласында цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесін алмасу. Құжат біртұтас ақылды көлік жүйесін құруды және бұлтты технологияларды пайдалануды көздейді.
Ынтымақтастық теміржол, автомобиль, порт және жүк тасымалы салаларын қамтиды. Тараптар жол инфрақұрылымын тиімді басқару, көлік ағындарын үйлестіру және логистикалық тораптар өнімділігін арттыру бойынша ілгері дамыған тәжірибелермен алмасады.
Меморандумға халықаралық аренада қол қою Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің стратегиялық бағытын көрсетеді. Министрлік жасанды интеллект, үлкен деректер мен ақылды жүйелерді пайдалана отырып, заманауи цифрлық технологияларды енгізуге баса назар аударуда.
Бұл серіктестік Қазақстанның көлік секторының технологиялық дамуына ықпал етеді, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және жаһандық көлік дәліздеріне интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Дереккөз: www.gov.kz