Министрлік энергия саласында цифрлық егіздер мен мониторинг жүйесін енгізеді

@МЭ РК
Энергетика министрлігінің кеңейтілген коллегиясында отын-энергетика кешенінің 2025 жылғы цифрлық трансформациясының қорытындылары қаралып, 2026 жылға арналған стратегиялық басымдықтар ұсынылды. Бұл жоспарлар Цифрландыру және Жасанды Интеллект жылы аясында іске асырылады.
Өткен жылы мемлекеттік цифрландыру саясаты шеңберінде министрлік ТЭК-тің негізгі үдерістерін автоматтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Енгізілген жаңа сервистерге біртұтас цифрлық ортадағы жылу маусымына дайындықты бақылау жүйесі, электр станциялары тарифтерін бекітуді автоматтандыру, сондай-ақ мұнай мен сұйытылған газды тарату процестерін ашық ету құралдары жатады.
Мемлекеттік функциялар аясында құрылған цифрлық шешімдер базасы біртіндеп кеңейтіліп, өндірістік пайдалануға енгізіледі.
2026 жыл – Цифрландыру мен Жасанды Интеллект жылы ретінде «Digital Qazaqstan» стратегиясы аясында саланы басқарудың біртұтас цифрлық контурін қалыптастыру негізгі бағыт болып табылады.
Бұл үдеріс электр және мұнай-газ инфрақұрылымы объектілерінің цифрлық егіздерін жасауды, операциялық процестерді тікелей онлайн-бақылауды енгізуді, сонымен қатар мұнай мен мұнай өнімдерінің толық сатылар бойынша ізделуін қамтамасыз етуді қамтиды.
Цифрлық модельдер негізінде ТЭК дамуының интеграцияланған мастер-жоспарын әзірлеу салалар үдерістерін үйлестіруге, сұранысты дәл болжауға және инвестициялық тәуекелдерді бағалауға мүмкіндik береді. Технологиялық жүйелерді киберқорғауға ерекше назар аударылады.
Осы трансформацияның нәтижесі ретінде Министрлік пен сала субъектілері деректерге негізделген проактивті басқару тәртібіне көшеді. Бұл барлық энергетикалық жүйенің ашықтығы мен операциялық тиімділігін арттырып, апаттылық деңгейін төмендетедi.
Дереккөз: www.gov.kz