Досым Сатпаев скандалды мәлімдемелерді соғысқа шақыру деп бағалады

@UlysMedia
Ресейлік журналист Дмитрий Верхотуровтың Қазақстанға қатысты сөздері кеңінен талқылау тудырды. Ол бір сұхбатта Ашаршылық трагедиясын теріске шығарып, Қазақстанға Украина сценарийі бойынша қарулы қақтығыс қаупін төндірді және қазақтарды «екінші сорт» деп атады.
Қоғамтанушы Досым Сатпаев бұл мәлімдемелерді ауыр сынға алды. Оның пікірінше, бұндай сөздер соғыс пен геноцидке, адамдарды «сорттарға» бөлуге, шовинизм мен ксенофобияға шақыру болып табылады.
Сатпаев осы провокациялық сұхбаттың Украинадағы соғыстың 4 жылдығына тура келуін де символды деп санайды. Ол былай деп жазды: «Мұндай ақпараттық «шығармалар» тағы да нақты көрсетіп тұр – кім агрессор, ал кім құрбан; кім империялық жеккөру мен ашу тасымалдайды, ал кім өз тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғайды».
Оның ойынша, бұл – басқалар үшін мысал: тарихыңды теріске шығаратын немесе қайта жазатын адамдар әрдайым қауіп ретінде қарастырылуы керек, өйткені олар болашағыңды да күшпен алуға тырысуы мүмкін.
Еске салайық, Верхотуров Ашаршылық тарихын талқылау Қазажстанның мемлекеттілігі үшін «қауіпті» деген пікір білдірген еді. Оның айтуынша, осы тақырыптағы әрі қарайғы пікірталастар Украинадағыдан да ауыр қарулы қактығыс әкелуі мүмкін.
Саясаттанушы Газиз Әбішев Кремльдің осы скандалды мәлімдемеге реакциясын күтуде екенін хабарлады.
Дереккөз: ulysmedia.kz