Казахстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтады
@МИД РК
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Джакартаға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында оның Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көпжақты ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Три Тарьятом және Сыртқы істер вице-министрі Анис Маттамен кездесулері өтті.
Тараптар екіжақты қарым-қатынасты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда дамытудың кең спектрін талқылады.
Бірлескен қатысу есебінен БҰҰ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, Палестина мәселелеріне, Бейбітшілік Кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күштеріндегі бірлескен қатысуға, су проблемаларына және халықаралық бастамаларды өзара қолдауға ерекше назар аударылды.
Тараптар халықаралык күн тәртібіндегі белгіленген мәселелер бойынша тығыз өзара іс-кимылды жалгастыру туралы келісті.
Дереккөз: www.gov.kz