Тегеранға қуатты бомбалау жасалды, ірі әскери кешен жойылды
@TengriNews
Иран астанасы Тегеран 4 наурыз кешке қарай ауыр бомбалауға ұшырады. Желіде пайда болған бейнежазбаларда бірнеше жарылыс тіркелген.
Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сол кеште Иран режимінің Тегерандағы әскери инфрақұрылымына соққы беріп жатқанын мәлімдеді. Әскер өкілдерінің хабарлауынша, шығыс Тегеранда орналасқан ірі әскери кешен жойылды.
Соққы нысанасына Ислам төңкерісі сақшылар корпусының (КСИР) бас штабы, Иран барлау басқармасының штаб-пәтері, сондай-ақ «Басидж» пен «Қудс» құрылымдарының бас кеңселері, сондай-ақ ішкі қауіпсіздік күштерінің штабтары айналды.
ЦАХАЛ-дың мәліметінше, Тегеран үстіндегі ауа кеңістігінде израильдік F-35I «Адир» истребителі Иран ӘӘК-нің Як-130 ұшағын атып түсірді. Бұл F-35 «Адир» ұшағының тарихта алғаш рет пилотты истребительді жеңген жағдайы болып табылады.
Al Jazeera телеарнасының деректері бойынша, 5 наузыр таңертең Тегеранда үзіліспен жарылыс дыбыстары естілуде. Арна өкілдері: «Соққылар соңғы бірнеше сағат бойы жалғасуда... Уақыт өте иран астанасының әртүрлі нүктелерінде бірнеше қуатты жарылыстарды естиміз», – деп хабарлады.
Tasnim агенттігінің алдынғы мәліметтерінше, АҚШ пен Израиль соққыларынан туындаған шайқас басталғалы бері 1045 адам қаза тапты. Қызыл Жарты Ай өкілі Моджтаба Халид 940 құрбан туралы хабарлап, бұл сандар толық емес екенін және кейбір жерлерде іздестіру жұмыстары жалғасуды атап өтті.
Дереккөз: tengrinews.kz