Ираннан ұшырылған дрон Әзірбайжанның әуежайы аумағына құлады
@TengriNews
Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА) Әзірбайжандағы Нахчыван қаласының әуежайы маңына құлады. Дрон жерге соғылып, жарылыс болды.
Оқиға орнында өрт шықты. Әлеуметтік желілерде болған оқиғаның бейнежазбалары пайда болды.
Нахчыван Автономиялық Республикасы Иранмен шекаралас, екі елдің шекара сызығы бір-бірінен шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан.
Әзірбайжан БАҚ-тарының ақпараты бойынша, жақын арада Иранның елдің азаматтық инфрақұрылымына шабуыл жасауы туралы ресми мәлімдеме күтілуде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Әзірбайжан Иранмен шекараға әскерлерін шоғырландырды және армияның бөлігін жоғары дайындық деңгейіне көтерді.
Соңғы күндері Иран президенті Масуд Пезешкиян АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде көршілес мемлекеттер басшыларына сөз сөйлеп, Тегеранның өзін қорғаудан басқа таңдауы қалмағанын атап өткен еді.
Дереккөз: tengrinews.kz