Иран Трамптың соғыс аяқталады деген мәлімдемесін жоққа шығарды
@TengriNews
Иранның Ислам Инқылабының Күзетшілер Корпусы АҚШ президенті Дональд Трамптың елдер арасындағы соғыстың жақын арада аяқталатыны туралы сөздеріне қатты реакция берді. Бұл туралы Иранның Tasnim агенттігі хабарлады.
Корпустың ресми мәлімдемесінде: «Соғыстың қашан аяқталатынын біз шешеміз. Шайқас алаңының жағдайы мен соғыстың аяқталуы Ислам Республикасының қолында» делінген.
Бұл пікірге АҚШ басшысының өткен апта CBS News телеарнасына берген сұхбатында айтқан сөздері себеп болды. Онда Трамп: «Менің ойымша, соғыс іс жүзінде аяқталды. Оларда флот жоқ, байланыс жүйелері жоқ, әуе күштері жоқ» деп мәлімдеген болатын.
Бұған дейін де АҚШ президенті Иранға қарсы әскери әрекеттер күтілгеннен әлдеқайда тезірек бітеді деп болжаған еді. Оның айтуынша, соғыс «жоспардан едәуір озып кетті».
АҚШ-тың Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт өткен апта соңында соғыстың тағы төрт-алты аптаға созылуы мүмкін екенін айтса, аятолла Әли Хаменеи мен басқа да ирандық басшылардың қаза тапқаны белгілі болғаннан кейін Трамп бұл мерзімді төрт-бес апта деп бағалаған болатын.
Дүйсенбі күні Иран сырт істер министрі Әббас Аракчи Тегеран ракеталармен шабуыл жасауды «Қанша уақыт қажет болса, сонша» жалғастыратынын мәлімдеді. Ол елге шабуылдар жалғасуда, бірақ Иран оларға «дайын» екенін атап өтті.
«Біз оларды ракеталарымызбен шабуыл жасауға толығымен дайынбыз, қанша уақыт қажет болса, сонша», – деді Аракчи.
Иран министрі АҚШ-пен жаңа келіссөздердің мүмкіндігін терістеді. Оның сөзі бойынша, Тегеран соңғы кезде «Америкалықтармен келіссөздерден өте ауыр тәжірбие алды», сондықтан ол «Америкалықтармен келіссөздер біздің күн тәртібінде болады деп күтемін» деген үмітті болжамайды.
АҚШ пен Израиль Иранға әуе шабуылдарын февраль аяғында бастады. Олар нәтижесінде Жоғарғы көсем Әли Хаменеи мен ирандық басшылықтың басқа да мүшелері қайтыс болды. Тегеран Израильге, Парсы шығанағы елдерінің бірнешеуіне және өңірдегі американ объектілеріне жауап ретінде шабуылдар жасады. Соғыс басталар алдында АҚШ пен Иран иран ядролық бағдарламасы бойынша тікелей емес келіссөздер жүргізіп жатты, біраж маңызды шешімге қол жеткізе алмады.
Дереккөз: tengrinews.kz