Нефть бағасы 85 доллардан асып, жаңа рекордқа жетті
@TengriNews
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясының салдарынан әлемдік шикі мұнай бағасы күрт өсті. Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 85 АҚШ долларынан асып, 2024 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары көрсеткішке жетті.
Лондондық ICE биржасында мамыр айына арналған Brent фьючерстерінің құны 4,45 пайызға өсіп, Астана уақыты бойынша сауда сессиясының ортасында бір баррель үшін 85 доллар шегінде болды.

Сол уақытта WTI маркалы мұнайдың сәуір айына арналған фьючерстерінің бағасы да 7,66 пайызға көтеріліп, бір баррель үшін 80,38 доллар деңгейінде белгіленді.

Мұнай бағасының өсуі Қазазастан бюджетіне қосымша табыс әкеліп, Ұлттық қорды нығайтады, сонымен қатар сауда балансын жақсартып, теңгенің курсын тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бірақ мұнай нарығының жоғары тұрақсыздығы экономика үшін тәуекелдер туғызады.
«Бағаның ауытқуы инфляцияға, инвестициялар мен қаржы нарықтарына әсер етуі мүмкін. Экономиканың мұнай табыстарынан тәуелділігі елді сыртқы соққылар мен бағалардың кенет өзгеруіне сезімтал етеді»
2026–2028 жылдарға арналған бюджетте есептеулер үшін мұнай бағасы бір баррельге 60 доллар, ал валюта курсы – бір доллар үшін 540 теңге деп болжамдалған. Бұл көрсеткіштер экспорттан түскен табыстарды, әлеуметтік төлемдер мен бюджеттік бағдарламалар шығыстарын есептеу негізі ретінде қолданылады.
Дереккөз: tengrinews.kz