Әзірбайжан Иранды Нахчыван аумағына дронмен шабуыл жасағаны үшін айыптады
@TengriNews
Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі Иран аумағынан ұшырылған ұшқырсыз аппараттардың Нахчыван Автономиялық Республикасының аумағына құлауына байланысты мәлімдеме жасады. Шабуыл 5 наурызда болған.
Бір дрон Нахчыван қаласындағы әуежай терминалының ғимаратына тиді, ал екіншісі Шакерабад ауылындағы мектеп жанына құлады. Оқиға нәтижесінде әуежай ғимараты зақымданып, екі тұрғын жарақат алды.
«Біз бұл шабуылдарды қатаң айыптаймыз. Ол халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын бұзып, аймақтағы шиеленісті арттырады», – делінген СІМ мәлімдемесінде.
Әзірбайжан тарапы Ираннан оқиғаның нақты түсіндірмесін беруді, тергеу жүргізуді және болашақта осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін қажетті шараларды қолдануды талап етті.
«Әзірбайжан тарапы тиісті жауап шараларын қолдану құқығын өзіне сақтайды»
Сонымен бірге, Бакудегі Иранның Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Демирчилу Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған наразылық білдіріледі және сәйкес нота тапсырылатыны хабарланды.
Дереккөз: tengrinews.kz