Зеленский: Украинаның Ресейдің Иранға барлау мәліметтерін бергені туралы дәлелдері бар

2026 ж. 23 наурыз
Зеленский: Украинаның Ресейдің Иранға барлау мәліметтерін бергені туралы дәлелдері бар

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Украина Президенті Владимир Зеленский Киевтің Ресейдің Иранға барлау мәліметтерін тапсырғаны туралы айқын дәлелдері бар екенін мәлімдеді.

Ол бұл туралы 23 наурызда X әлеуметтік желісінде жариялады. Зеленский Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының басшысы Олег Иващенконың есебіне сілтеме жасап, «Біріншіден, бізде ресейліктер ирандық режимге барлау мәліметтерін жалғастырып беруде дегеннің жоққа шығаруға болмайтын дәлелдері бар» деп атап өтті.

Президенттің айтуынша, Ресей бұл үшін өзінің радио- және электрондық барлау мүмкіндіктерін, сондай-ая Орта Шығыстағы серіктестермен ынтымақтастық аясында алынған деректердің бір бөлігін пайдаланады.

Наурыздың басында The Washington Post газеті Ресейдің Орта Шығыстағы американ әскерлеріне соққы беру үшін Иранға барлау мәліметтерін ұсынатыны туралы хабарлаған еді. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың мәліметінше, Ресей Федерациясы Иранға осылайша көмектескенін теріске шығарады. Өз кезегінде Дональд Трамп Мәскеудің Тегеранға «аздап» көмектесіп жатқаны туралы пікір білдірген.

Өткен аптада The Wall Street Journal газеті Ресейдің Ислам Республикасымен әскери ынтымақтастығы мен АҚШ пен Израильге қарсы соғысында Иранға ақпараттық қолдау көрсету ауқымын кеңейткендігі туралы жазып шықты.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Владимир ЗеленскийУкраинаРесейИранбарлаухалыкаралы қактығыстар
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз