Зеленский Украинаның ядролық қарудан бас тартуын «үлкен қателік» деп атады
@TengriNews
Украина президенті Владимир Зеленский елдің 1994 жылдың желтоқсанындағы ядролық арсеналынан бас тартуын «үлкен қателік» деп бағалады. Бұл шешім АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресейден қауіпсіздік кепілдіктері алмасында Будапешт меморандумына сәйкес қабылданған еді.
Мемлекет басшысы бұл пікірін британиялық журналистер Аластер Кэмпбелл мен Рори Стюарттің The Rest Is Politics атты подкастының 9 сәуірде жарияланған шығарылымында білдірді. Зеленский сөйлеген сөздердің мәтіндік үзінділерін 10 сәуірде өзінің Telegram-арнасында ортаға салды.
«Украина ядролық қарудан бас тартқан кезде, екінші жақтың төлеуге тиісті бағасы әділетті болуы керек еді. Менің ойымша, НАТО-ға мүшелік – бұл Украина көшбасшыларының ядролық арсенал алмасында алуы тиісті нәрсенің ең азы ғана. Біз не алдық? Ештеңе. Бұл әділетсіз ойын және үлкен қателік болды», – деді ол подкаста.
Оның айтуынша, Будапешт меморандумына қол қойған басқа елдер Украинадан ядролық қарудан бас тартуын сұрағандықтан, оған «қауіпсіздік сауытын» ұсынуы тиісті еді.
«Соңында, мұның бәрі алдау болып шықты. Біздің ядролық қаруымыздың айтарлықтай бөлігі Ресейге берілді. Мысалы, сол стратегиялық ұшақтарды Ресей қазір осы соғыста бізге қарсы пайдалануда», – деп түсіндірді президент.
Зеленский Украинаның ядролық қарудан бас тартуын бұрын да сынап келген. 2025 жылдың қаңтарында италиялық Il Foglio газетіне берген сұхбатында украин көшбасшысы елдегі бұрынғы биліктің ядролық арсеналдан бас тартуын «ахмақты және жауапсыз» деп сипаттаған еді.
Сол жылдың ақпанында британ журналисі Пирс Морганмен әңгімесінде ол Украинаның қауіпсіздігініж жеткілікті кепілі ретінде Батыстық серiктестердiң ядро каруын беруi болар едi деген пiкiр айтты. Онымен курамастан Украина НАТО-га кабылданбаса да, бу Рессияны жаца шабуылдан тоса алар едi деп ойласты.
Дереккөз: tengrinews.kz