Атырау облысындағы полиция басшылары қызметінен босатылды
@TengriNews
Атырау облысындағы полиция департаментінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкерлері қызметінен алынды. Бұл шешім Ішкі істер министрінің бұйрығымен, қызметтік-әскери тәртіпті өрескел бұзу және жұмысты ұйымдастырудағы бақылаудың жеткіліксіздігі себептерімен қабылданды.
Қызметтен шеттетілгендердің қатарына Атырау қаласының полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жетекшілері кірді.
ІІМ өкілдері мәлімдегендей, аумақтық бөлімшелердің қызметін тексеру жоспарлы түрде жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде анықталған олқылықтарға жауап ретінде осындай кадрлық шешімдер қабылданды.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің басшылығы ведомство ішінде заңдылық пен қызметтік тәртіпті, соның ішінде өз кадрлары арасында, нығайту бойынша принциптік жұмыс жүргізілетінін бірнеше рет атап өткен еді.
Дереккөз: tengrinews.kz