Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автомобиль жолы жобасы бойынша келісімге қол қойылды

@МНЭ РК
Қазақстан делегациясының Вашингтонға сапары аясында Бүкіләлемдік банкінің штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автомобиль жолын салуды қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.
Келісімшартты «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ, Халықаралық реконструкция және даму банкі (ХРДБ) мен Инфрақұрылымдық инвестициялардың Азиялық банкі (ИКАБ) арасында жасасты.
Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Жаңа жол жүріс уақытын едәуір қысқартады, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша ынталандыру береді деп күтілуде.
Қазіргі уақытта бәсекелестік процедуралар аяқталу сатысында. Жолдың ұзындығы 457 шақырымды, несие сомасы 650 миллиард теңгені құрайды. Осы жылы автомобиль жолының жобалануы мен салуы басталады.
Жоба сондай-аө логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жұмыстар басталуы жақын арада күтілуде.
Дереккөз: www.gov.kz