Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолы жобасы бойынша келісімге қол қойылды

2026 ж. 15 сәуір
Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолы жобасы бойынша келісімге қол қойылды

@МНЭ РК

ҚаржыАвтор: talgatmuldash

Қазақстан делегациясының Вашингтонға сапары аясында Бүкіләлемдік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуды қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

Келісімшартты «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы, Халықаралық реконструкция және даму банкі (ХРДБ) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасында жасасты.

Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысшылығын жақсартуға бағытталған. Жаңа жол жүріс уақытын айтарлықтай қысқартады, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша ынталандыру береді деп күтілуде.

Қазіргі уақытта бәсекелестік процедуралар аяқталу сатысында. Жолдың ұзындығы 457 шақырымды, ал несие сомасы 650 миллиард теңгені құрайды. Осы жылы автожолдың жобалануы мен салуы басталады.

Жоба сондай-аө логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жұмыстар басталуы жақын арада күтілуде.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:автожолҚарағандыЖезқазғанинфрақұрылымБүкіләлемдік банкХРДБАИИБ
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз