Түркі мемлекеттерінің сот-сараптау мекемелер желісі Бакуде құрылды

@МЮ РК
Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Әділет министрлерінің алғашқы кездесуінде 2024 жылдың 9 қыркүйегінде қабылданған Астана декларациясы негізінде Түркі мемлекеттерінің сот-сараптау мекемелер желісі (TFSN) Баку қаласында ресми түрде құрылды.
Жаңа желіге Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кірді. Осы елдердің өкілдері арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
TFSN желісінің негізгі мақсаттарына қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіруді дамыту, заманауи сот-сараптау тәжірибелерін жетілдіру, ғылыми әлеуетті нығайту және институционалдық өзара іс-қимылды кеңейту жатады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының өкілдері де осы маңызды халықаралық іс-шараға белсенді қатысты.
Дереккөз: www.gov.kz