Түркі мемлекеттерінің сот-сараптау мекемелері желісі Бакуде құрылды

2026 ж. 4 сәуір
Түркі мемлекеттерінің сот-сараптау мекемелері желісі Бакуде құрылды

@МЮ РК

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Азербайджан астанасы Баку қаласында Түркі мемлекеттерінің сот-сараптау мекемелері желісі (TFSN) ресми түрде құрылды. Жаңа ұйымға Азербайджан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кірді.

Осы елдердің өкілдері өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының өкілдері де шарасқа белсенді қатысты.

TFSN желісінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады: мүше елдер арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіруді дамыту, заманауи сот-сараптамалық тәжірибелерді жетілдіру, ғылыми әлеуетті нығайту және институционалдық өзара іс-қимылды кеңейту.

Желінің құрылуы 2024 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Әділет министрлерінің бірінші кездесуінде қабылданған Астана декларациясына негізделген.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:сот сараптамасыТүркі мемлекеттеріынтымақтастықӘділет министрлігіБакухалықаралық келісім
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз