Шымкентте Орталық Азиядағы ең ірі ұшақ техникалық қызмет көрсету орталығының құрылысы басталды

@МТ РК
Шымкент қаласында SCAT әуекомпаниясының Boeing корпорациясымен серіктестікте жүзеге асыратын ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (MRO) орталығының негізіне арнайы капсула салу салтанатты рәсімі өтті.
Бұл жоба Елбасының АҚШ-тағы жұмыс сапары кезінде халықаралық даму алды. Ол уақытта Boeing басшыларымен өткен кездесуде Шымкенттегі MRO-орталығын салу сияқты стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланған еді.
Рәсімге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Boeing-тің коммерциялық сату және маркетинг бойынша вице-президенті Пол Риги қатысты.
Жаңа кешен Орталық Азия аймағындағы ұшақтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең ірі орнына айналады және Қазақстан Республикасының әуе өнеркәсібінің маңызды инфрақұрылымдық жобаларының бірі болып табылады.
Жоба Boeing өндірісінің ұшақтарына, соның ішінде Boeing 737 (Classic/NG/MAX), Boeing 757/767 отбасыларына, сондай-аа Боинг 777 сияқты кең фюзеляжды ұшақтарға арналған перспективалы бағдарламаларға баса назар аудара отырып, толық өндірістік циклді заманауи орталық құруды көздейді. Осыған байланысты Boeing ұшақтарын қосымша сатып алу жоспарлануда.
Кешен 10 гектар аумағына орналасады. Инженерлік-техникалық инфрақұрылымның жалпы ауданы 45 000 шаршы метрден асады, оның ішінде 6 гектардан астам аумағы бар ангар маңындағы ұшақ тұрағы да бар. Кемінде 15 жаңа технологиялы нысандар салу көзделген.
Жобаны іске асыру Қазажстанда халыкараль дегейдегі заманауи сервистік базаны қалыптастыруга мүмкіндік береді. Бұл база шетелдік әуекомпаниялардың ұшактарын тартуга, салалык кузыреттерді кенейтуге жане жаца бiлiктi жұмыс орындарын құруга үлес qосады.
Дереккөз: www.gov.kz