Шымкентте заңсыз көші-қон ірі каналы жабылды

@МВД РК
Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон каналдарын жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Оперативтік іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласында заңсыз көші-қон каналын ұйымдастырған тұрақты қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Тергеу барысында айыпкерлердің ақшалай сыйақы алып, шетелдіктерді елге кіргізу мен оларды заңсыз түрде легализациялаумен айналысқаны анықталды.
Операция кезінде 28 тінту іс-шарасы жүргізіліп, ондаған шетелдік паспорттар, баспа техникасы, байланыс құралдары, бланкілер және жалған еңбек шарттары тартып алынды. Сонымен қатар, ірі сомадағы ақшалар мен тіркеусіз қару табылды.
Қылмыстық топты ұйымдастырушы ІІМ арнаулы бөліміне қамауға алынды. Осы каналға қатысты 13 тұлға полицияға әкелінді. Істі тергеу барысында болғандарға Қылмыстық кодекстің «заңсыз көші-қон ұйымдастыру» бабы бойынша сот алдында тергеу басталды.
Ішкі істер министрлігі көші-кон заңнамасын бұзушылықтар жазасыз қалмайтынын ескертті. Заңсыз миграция каналдарын жою жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: www.gov.kz