Қазақстанда ағаш өңдеу зауыты салуға 70 млрд теңге инвестиция бөлінеді

2026 ж. 7 сәуір
Қазақстанда ағаш өңдеу зауыты салуға 70 млрд теңге инвестиция бөлінеді

@МПС РК

ЭкономикаАвтор: talgatmuldash

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасындағы инвестициялық келісімді қол қоюға келісім берді. Тиісті қаулыны Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

2026-2028 жылдары іске асырылатын жобаның құны 70 миллиард теңгені құрайды. Оның іске қосылуы кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын құруға, ел ішінде ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім шығаруды арттыруға және аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік куаттылығы жылына шамамен 600 текше метр ДСП (ағаш-тақтайша плиталары) және 20 миллион шаршы метр ЛДСП (ламинделген ДСП) болады.

Келісім Қазақстан өндірушілерінің тауарларын, шикізаттарын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде пайдалануды көздейді. Инвестор дайын өнімнің кем дегенде 50 пайызын ішкі нарыққа бағыттау міндетін алады. Кәсіпорынның 80 пайыздық жобалық куаттылығына шығуынан кейін отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін жетеді.

Аумақты әлеуметтік қолдау бойынша міндеттемелер дербес бекітілді. Сондай-ақ инвестор персоналды үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндеттенедi.

Жобаны іске асыру ағаш өңдеу саласының дамуына, отандық мазмұнның өсуіне, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және Қазақстанның өңдеушi өнеркәсiбiнiң экспорттық әлеуетiн нығайтуғa септеседi.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:инвестицияагaш oйндейтin заyытСолтүстik Қaзaқcтанөнеркacipэкспортжyмыс opны
Қаралым: 4

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз