Қазақстанда Хожа Ахмет Ясауи атындағы мемлекеттік орден құрылады
@TengriNews
Қазақстанда жаңа мемлекеттік марапат – Хожа Ахмет Ясауи ордені пайда болады. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы қоғамдықтың алдында сөйлеген кезде хабарлады.
«Жуық арада мен Хожа Ахмет Ясауи орденін мемлекеттік марапаттар тізіміне енгізу туралы жарлыққа қол қоямын. Бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекеттік және қоғам қайраткерлеріне тағайындалады. Менің ойымша, бұл орден жоғары мәртебеге ие болуы керек», – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев әлемге танымал ойшыл Хожа Ахмет Ясауиді, ең алдымен, қазақ халқының көрнекті өкілі ретінде қабылдауға шақырды.
«Біз оның мұрасын әлемнің барлық бұрыштарында, әсіресе ірі елдерде кеңінен насихаттауымыз керек, бірақ ең алдымен, оның шығармашылығымен өз отандастарымызды таныстыруымыз керек. Осы тарихи тұлғаға сапалы кітаптар мен фильмдер арнап, сонымен қатар барлық өңірлерде Хожа Ахмет Ясауидің бірегей интеллектуалды мұрасына арналған оқулар ұйымдастыру қажет», – деп атап өтті ҚР Президенті.
Сенбі күні, 21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар түркі әлемінің киелі жерлерінің бірі – Хожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден басталды. Содан соң Мемлекет басшысы Түркістан облысы қоғамдығының алдында сөз сөйледi.
Дереккөз: tengrinews.kz