Иран университетдерінде жаңа наразылықтар басталды

2026 ж. 23 ақпан
Иран университетдерінде жаңа наразылықтар басталды

@TengriNews

ӘлемАвтор: Mangilik

Иранның бірнеше жоғары оқу орындарында жаңа оқу семестрінің алғашқы күні студенттер наразылық акциясын өткізді. Бұл акция кампус аумағында билікке қарсы шыққандар мен оны қолдаушылар арасындағы қақтығысқа айналды.

Наразылықтар Тегеранда орналасқан Амир Кабир атындағы технологиялық университет пен Шариф атындағы технологиялық университет сияқты беделді оқу орындарының студенттерінің қатысуымен өтті. Олар 21 ақпан сенбі күні кампуста жиналып, билікке және елдің жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге қарсы ұрандар шырқады.

Ирандық Fars агенттігінің мәліметінше, студенттердің бір тобы антиөкіметтік және монархияны қолдайтын ұрандар шырқағаннан кейін, екінші топ билікті қорғайтын жауап берді. Әлеуметтік желілерде Тегеран мен Мешхедтегі бірнеше университеттерде өткен демонстрациялар туралы хабарламалар тарады.

Шариф технологиялық университетіндегі акция «Басидж» күштерінің ополченецтерімен қақтығысқа ұласты деп есептеледі.

Бұл наразылықтар елдегі саяси шиеленістің, соның ішінде АҚШ-пен қарым-қатынастардың шиеленісу контекстінде өтеді.

Ирандағы наразылық акциялары 2025 жылдың соңында ұлттық валютаның девальвациясынан басталған болатын. Олар кейін тәртіпсіздікке және билікке қарсы әрекеттерге айналды. Сол кезеңде елде интернет жұмысы тоқтап, құрама күштер мен наразылықтарға қатысушылар жағынан да құрбандар болған туралы хабарланған. Кейбір деректер бойынша, наразылықтарда шамамен екі мың адам қайтыс болды.

АҚШ пен Израильді тәртіпсіздікті ұйымдастыруда айыптаған Иран билігі 12 қаңтарда жағдайды бақылауға алғандарын мәлімдеген еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ИранстуденттернаразылыкТегерануниверситетсаясат
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз