Қазақстандық бейбітшілер Голан биіктіктеріне дайын

@МО РК
Алматы қаласындағы жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов Голан биіктіктеріндегі БҰҰ миссиясын орындау үшін жолға шығуға дайындалып жатқан 3-ші ұлттық бейбітшілік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті.
Бөлім командирі, подполковник Ілияс Алматов министрге жеке құрамның берілген міндеттерді орындауға дайындығы туралы есеп берді. Ол бейбітшілердің халықаралық стандарттар бойынша толығымен даярланғанын және миссия аймағына кетуге әзір екенін атап өтті.
Әскери қызметшілерге сөз сөйлеген Даурен Қосанов алдағы тапсырманың маңыздылығын атап көрсетті. «Бейбітшілік операциясына қатысу – бұл үлкен құрмет пен жауапкершілік. Қазақстандық контингент ел басшылығы мен БҰҰ миссиясының командалығының сенімділігі мен құрметіне ие. Сенімдімін, сіздер республикамызды лайықты түрде өкілдейсіздер», – деді ол.
Министр сонымен қатар, жауапкершілік аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қазақстандық бейбıтшıлердiң үлесiн ерекше атап өтті.
Сол күні «Армия үйiнде» «Қазақстан ГИС Орталығы» АҚ басшы директоры Нүркен Ержанов Қорғаныс министрiне Defence Tech кеңсесiн – көпфункционалды инновациялық хабты таныстырды. Бұл орталық қорғаныс саласының қажеттіліктерi үшiн перспективалы әзірлемелердi іздестiруге және таңдауға, жобаларды идеядан түрлендiруге дейiн кураторлық жасауға бағытталған. Ол Қорғаныс министрлiгiн бағынысты ұйымдармен, ғылыми қоғамдастықпен және стартап-экожүйемен өзара іс-кимыл жасастыруды камтамасыз етедi, шешімдердi сынау және оларды практикалық әрекетке енгiзу үшін жағдайлар жасайды.
Дереккөз: www.gov.kz