Өзбекстанда киберқауіпсіздікті дамытудың жаңа стратегиясы бекітілді

@UZDaily
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев киберқауіпсіздікті дамыту және киберқылмыспен күрес жүйесін жетілдіру бойынша мемлекеттік стратегияны бекітті.
Бұл шешім 2026-2030 жылдарға арналған негізгі бағыттарды анықтайды. Стратегияны іске асыру аясында 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Әділет министрлігінде, Энергетика министрлігінде және Салықтар комитетінде киберқауыпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы бөлімшелер құрылады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы мақсаттарға қаражатты бюджеттен де, бюджеттен тыс қорлардан да бөле алады. Ұлттық ақпараттық жүйелердің тұрақтылығын арттыру және осал тұстарын анықтау үшін тәуелсіз сарапшыларды тартатын байқаулар өткізу жоспарлануда.
Байқаулар Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі әзірлеген арнайы электронды платформада ұйымдастырылады. Стратегияның іске асырылуы сыни инфрақұрылымның қорғанысын нығайтуға, мемлекеттік және коммерциялық ақпараттық ресурстардың киберкорғаныс деңгейін көтеруге, сондай-аа киберқауіптерге қарсы заманауи күрес механизмін қалыптастыруға бағытталған.
Дереккөз: www.uzdaily.uz