ЕАЭС елдерінде жүк көлігі үшін жаңа стандарттар бекітілді
Қазақстан Республикасының Президенті Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) мүше-мемлекеттерінің аумағындағы жүк көліктерінің массасы мен габариттеріне біртұтас талаптар енгізетін Келісімді бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжат 2024 жылдың 13 желтоқсанында Мәскеу қаласында қол қойылған. Бұл шешім ЕАЭС аясындағы халықаралық автомобильдік тасымалдаудың шарттарын біркелкі етуге бағытталған.
Келісімнің негізгі мақсаттарына ЕАЭС-тің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану, еуразиялық көлік дәліздері бойынша халықаралық тасымалдаудың тиімділігін арттыру, автомобиль жолдарының инфрақұрылымын сақтау, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және көлік қызметтерінің сапасын жақсарту жатады.
Жарлықтың қабылдануы заңды негіз жасап, Қазақстанның аймактағы маңызды көлік-логистикалық торабы ретіндегі орнын нығайтуға ықпал етеді.
Келісімге сәйкес, рұқсат етілетін осьтік жүктемелер өседі. Мысалы, бір оське түсетін максималды масса өзгереді. Бұрынғы нормалар бойынша тәуелсіз оське (скаттығына қарамастан) рұқсат етілетін шек 10 тонна болса, жаңа ережелер мынаны белгілейді:
- Бір скатты доңғалағы бар осьтер үшін – 10,5 тонна;
- Екі скатты доңғалағы бар осьтер үшін – 11,5 тонна.
Сонымен қатар, жақын орналасқан осьтер тобы үшін де рұқсат етілетән мәндер осьтер саны мен олардың скаттығына байланысты өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер халықаралық тасымалдаушылар үшін тең және ашық жағдайлар құруға мүмкіндік береді.
Дереккөз: www.gov.kz