БАӘ президенті: «Біз соғыс жағдайындамыз»
@TengriNews
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян елдің Иранның шабуылдарына байланысты соғыс жағдайында екенін, бірақ осы жағдайдан бұрынғыдан да күшті шығатынын мәлімдеді. Ол мұны Орталық Шығыстағы қақтығыс басталғаннан бергі алғашқы ашық сөзінде айтты.
«Біз соғыс жағдайындамыз және мен оларға өз міндетімізді орындайтынымызға уәде беремін. Бұл жағдай бізге таңылды, ал біз өзімізді, отбасымызды және елімізді қорғау үшін әрекет етеміз», – деп атап өтті Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян.
Ол сонымен қатар елдің қарулы күштерін «осы соғыс кезіндегі» рөлі үшін алғысын білдірді және құқық қорғау органдарын «отанға адал қызметі» үшін мақтады. Президент шетелдік резидентердің БАӘ-тағы үлесін де жоғары бағалады.
«БАӘ – тартымды, әдемі және үлгілі ел, бірақ өзіңізді алдандырмаңыз. БАӘ-тың қалың терісі мен ащы еті бар – бізді жұту оңай емес. Біз жеңіл олжа емеспіз», – деп президент сөзіне тоқталды.
Саясаткер Тегеранның шабуылдарынан зардап шеккен бес адамды – екі БАӘ азаматын, бір-бірден Үндстан, Судан және Иран азаматтарын – көріп, жараланғандардың «біздің жауапкершілігіміз» екенін атап өтті.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы әскери операция бастады. Өзінің аумағына соққылар алған Тегеран Жақын Шығыста Вашингтонның одақтас елдеріндегі американдық нысандарға жауап шабуылдар жасады.
Шабуылдарға ұшыраған елдер қатарында БАӘ те болды. Соққылар әскери инфрақұрылымға бағытталса да, азаматтық нысандар да зардап шекті. Мысалы, Дубайдағы «Бурдж-аль-Араб» мейманханасына соққы берген туралы хабарланды, ирандық ұшпалы аппараттар «Бурдж-Халифа» биік ғимаратына ұшып келіп, Палм-Джумейра ауданына құлады.
7 наурыз таңертең Иранның Әскери-теңiз күштерi Абу-Дабидегi Әл-Минхад базасы мен Кувейттегi Әл-Адири лагерьi сияқты БАӘ мен Кувейттегi американдық нысандарга ұшпалы аппараттармен кешендi соқqы бердi. Дубайда әуежай да шабуылга ұшырады.
Дереккөз: tengrinews.kz