Түркия журналисі әлеуметтік желіде Эрдоганға сын айтқаны үшін қамауға алынды

@UlysMedia
Түркияда журналист Әліжан Ұлыдаға президент Реджеп Тайип Ердоғанды қорлау айыбынан тұтқындау туралы сот шешімі шықты. Ол Анкарада қамалған соң, Стамбұлға жеткізіліп, үйі іздестірілді, содан кейін іс сотқа берілді. Сот прокуратураның тұтқындау туралы талабын қанағаттандырды.
Ұлыдаға қатысты қылмыстық істің басталуына оның X әлеуметтік желісіндегі жарияланымдары себеп болды. Сот отырысында журналист барлық айыптарды жоққа шығарып, өз жазбаларының қылмыс емес, заңды сын екенін атап өтті.
Журналистика үшін төлеу керек болса — мен дайынмын, — деді ол BBC Түркия қызметінің хабарлауынша.
Журналист президенттің немесе оның адвокаттарының бұрын ешқандай шағым бермегенін атап, бұл істің оны астанадан шығару мақсатында қозғалғанын болжады.
Егер президентті сынағаны үшін абақтыға отырғызатын болса, онда Конституция не үшін керек?, — деп ол сұрақ қойды.
БАҚ деректері бойынша, тергеудің себептерінің бірі 2016 жылы Стамбұлдағы Ататүрік әуежайында болған лаңкестік акті ісі бойынша Жоғарғы соттың шешімі туралы журналисттің материалдары болуы мүмкін. Ұлыдағ 2024 жылдың желтоқсанында осы іс бойынша үкімнің бір бөлігінің жоққа шығарылып, жеті адамның алтауы босатылғаны туралы хабарлаған еді.
Тұтқындау кең резонанс тудырды. Еуропалық журналистер федерациясы мен «Шекарасыз репортерлер» сияқты ұлттық және халықаралық ұйымдар Ұлыдағты дереу босатуды талап етті. Германия үкіметі де Deutsche Welle түрік редакциясының тілшісін босатуға үндеп, айыптарды негізсіз деп атады.
Дереккөз: ulysmedia.kz