Трамп: Иран соғысын аяқтау туралы шешімді Нетаньяхумен бірлесіп қабылдаймыз
@TengriNews
АҚШ президенті Дональд Трамп Times of Israel газетіне телефон арқылы берген сұхбатында Иранға қарсы жүргізіліп жатқан соғысты тоқтату туралы шешімді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірлесіп қабылдайтынын мәлімдеді.
«Менің ойымша, бұл өзара шешім… белгілі бір дәрежеде. Біз қарым-қатынас жасаймыз. Мен тиісті сәтте шешім қабылдаймын, бірақ барлығы ескеріледі», – деді Трамп соғысты аяқтау туралы шешімді жалғыз өзі қабылдай ма, әлде Нетаньяху да дауыс беру құқығына ие бола ма деген сұраққа жауап ретінде.
АҚШ президенті Иранның Израильді жоюға ниеттенгенін атап өтіп, екі ел әкімшіліктерінің бірлескен әрекеттерін баса көрсетті. «Иран Израильді және онымен байланысты барлығын жоюға дайындалып жатты… Біз бірге жұмыс істедік. Біз Израильді жоюға ұмтылған елді талқандадық», – деді АҚШ басшысы.
Трампиң пікірінше, егер өзі мен Нетаньяху билікте болмағанда, Иран Израильді жойар еді.
Бұрын жарияланған мәліметтерге сәйкес, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарды, оның ішінде Тегеранды нысана алды. Иран жауап ретінде израильдік аумақтар мен Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери объектілерін нысана алады.
Бейсенбі күні АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Каролина Ливитт Таяу Шығыстағы соғыстың тағы төрт-алты апта созылуын күтетіндерін мәлімдеген еді.
Дереккөз: tengrinews.kz