Трамп одақтастарға Ормуз бұғазын өз қолына алуды ұсынды
@TengriNews
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің одақтастарына Ормуз бұғазының қауіпсіздігін өздері қамтамасыз етуге шақырды. Ол бұл аймақты бақылауға алу үшін батылдық танытуды талап етті.
Трамптың пікірінше, отынмен қамтамасыз етілуде қиындықтарға тап болып жатқан елдерге екі ұсыныс бар. «Біріншіден, АҚШ-тан мұнай сатып алыңыз. Екіншіден, ұзақ уақыт жетіспей жүрген батылдығыңызды жинап, бұғазға барып, оны басқарыңыз», – деді ол.
Бұл сөздер АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақытымен сәрсенбі кеші, 1 сәуірде болған ұлтқа арналған 19 минуттық үндеу кезінде айтылды.
Президент Иранның «әлдеқайда әлсірегенін» атап өтті және ең қиын кезеңнің артта қалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың Иранды бомбалау жылдамдығын төмендетпейтінін және алдағы екі-үш апта ішінде Тегеранға жаңа соққылар беруге дайын екенін жариялады.
Трамп Иранның «тас дәуіріне» қайтарылатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ Ирандағы мақсаттарына жақындап бара жатыр және ел ішіндегі «саналы» көшбасшылармен де келіссөздер жүргізуде.
Дереккөз: tengrinews.kz