Токаев референдумға дайындық туралы хабар алды
@TengriNews
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум орталық комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровты қабылдады.
Кездесу барысында мемлекет басшысына республикалық референдумға дайындық жұмыстарының жүрісі туралы ақпарат берілді.
Президент референдум өткізу кезінде ашықтық пен заңдылықты, сондай-ақ барлық азаматтар үшін тең жағдайлар құру қажеттілігін ерекше атап өтті.
Еске салайық, Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау ұсынылған. Конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум барысында қабылдайды.
Республикалық референдумға мынадай сұрау формуласымен жаңа Конституция жобасы әкелінеді: «Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?».
Референдум бойынша дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін азаматтардың тіркеу орны бойынша 9 799 учаскеде өтеді. Сонымен қатар, әскери бөлімдерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационар емдеу-алдын алу мекемелерінде, тергеу изоляторларында және шетелдегі Қазақстан өкілдіктерінде де барлығы 632 учаске жұмыс істейді.
Референдум дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысса, өткізілген болып саналады. Әкелінген мәселе бойынша шешім дауыс берушілердің жартысынан көбі колдаса, қабылданған деп танылады.
Дереккөз: tengrinews.kz