Токаев энергетика саласындағы жағдай және негізгі жобалар туралы есеп алды

@МЭ РК
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елдің отын-энергетика кешеніндегі жағдай, негізгі жобаларды іске асыру барысы және саланы одан әрі дамыту жоспарлары туралы есеп тыңдады.
Мұнай өндірудің тұрақты динамикасы туралы Президентке хабарланды. Сондай-ақ, мұнайды өңдеуді арттыру жоспарлары таныстырылды. Бұл Шымкент МӨЗ-ін кеңейту (жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін), Атырау МӨЗ-і (5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін) және Павлодар МХӨЗ-і (5,5 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін) жобаларын іске асыру аясында жүзеге асырылады.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2029 жылға дейін жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу жоспарларын баяндады. Ағымдағы жылы Алматы қаласындағы ЖЭО-2 құрылысын, сондай-ақ Қызылорда облысы мен Түркістан облысындағы бугаз қондырғысы негізіндегі электр станцияларының құрылысын аяқтау көзделген. Сонымен қатар, «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын әзірлеу барысы туралы ақпарат берілді.
Кездесу нәтижесінде Президент отын-энергетика саласын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Олар мұнай-газ, мұнайгазхимия және электр энергетика салаларындағы жоспарланған жобаларды уақытында сапалы орындауды қамтиды. Сондай-ақ, өндірістік нысандардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдер мен жасампал интеллект технологияларын белсенді енгізу маңыздылығы атап өтілді.
Дереккөз: www.gov.kz