Токаев Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
@TengriNews
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік Стратегиясын іске асырудың қорытындылары талқыланды.
Үкімет негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша есеп берді. Бірқатар мамандандырылған мемлекеттік органдардың басшылары да негізгі бағыттар бойынша ақпарат ұсынды.
Мемлекет басшысы геосаяси жағдайды ескере отырып, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін одан әрі зерделеу қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, отырыста 2026-2030 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік Стратегиясының жобасы қарастырылды.
Бұл Стратегия мемлекеттік жоспарлау жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады және алдағы бесжылдық кезеңде болжанатын негізгі сындарға қарсы тұрудың негізгі тәсілдерін анықтайды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин орта мерзімді кезеңде стратегиялық тәуекелдерді басқарудың басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен тетіктері туралы ақпарат берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдауды мемлекеттілікті нығайтудың жаңалану кезеңін белгілейтінін, бұл Қазақстанның Тәуелсіздігін, егемендігін және аумағының тұтастығын сенімді қорғайтынын атап өтті. Стратегия өз кезегінде конституциялық принциптерді қорғай отырып, елдің тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Президент ұлттық мүдделерді қорғau; қорғаныс қабілетін камтамасыз ету; азаматтарды, табиғи ортаны, ақпараттық кеңістікті коргауды арттыру; киберкауіпсіздік шараларын күшейту; әлеуметтік-экономикалық саладағы тәуекелдерді төмендету бойынша белгіленген міндеттер сапалы орындалуын назар аударды.
Дереккөз: tengrinews.kz