Токаевтың қатысуымен бірнеше іс-шаралар өтеді

2026 ж. 17 сәуір
Токаевтың қатысуымен бірнеше іс-шаралар өтеді

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сәуір айында бірнеше маңызды халықаралық іс-шаралар өтеді.

20-23 сәуірде Қазақстанға Монголия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх мемлекеттік сапармен келеді. Еліміздің Президентінің шақыруымен жүзеге асатын сапар аясында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланады.

22-24 сәуірде Астанада БҰҰ дәрежесіндегі Аймақтық экологиялық саммит өтеді. Жаңа диалог платформасы Орталық Азияның тұрақты дамуы бойынша ортақ көзқарас қалыптастыруға және климаттық-экологиялық мәселелерге бірлескен шешімдер іздеуге бағытталған. Іс-шараға бір қатар мемлекеттер мен үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері қатысады.

Саммит кезінде, 22 сәуірде, Халықаралық Аралды құтқару қорын құрушы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.

Бұдан бұрын елбасының 17 сәуірде Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның шақыруымен жұмыс сапарын жасайтыны белгілі болды. Сапар аясында Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялы форумының ашылу рәсіміне қатысады және панельдік сессияда сөз сөйлейді. Сонымен қатар, бір қатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Қасым-Жомарт ТоӿaevМонголияАймактык экологиялык саммитХалыкаралык Аралды кугару карыТүркиямемлекеттік сапар
Қаралым: 2

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз