Токаев Анталиядағы дипломатиялық форумның ашылу салтанатына қатысты

2026 ж. 19 сәуір
Токаев Анталиядағы дипломатиялық форумның ашылу салтанатына қатысты

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталияда өткізілетін жоғары деңгейлі халықаралық дипломатиялық форумның ресми ашылу салтанатына қатысты.

Сапар аясында ҚР Президенті Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Салтанатты шарада түрік лидері сөз сөйледі.

Форумға бірқатар мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары қатысады. Олардың қатарында Әзірбайжан Президенті Ілһам Әлиев, Катар Эмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани, Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шәриф, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, Молдова Президенті Майя Санду, Сирия Президенті Ахмед әш-Шараъ, Бурунди Президенті Эварист Ндайишимие, Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Денис Бечирович және Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе бар.

Анталия дипломатиялық форумы жыл сайын өткізілетін ірi халықаралық пленум болып табылады. Бұл іс-шара саяси көшбасшыларды, дипломаттарды, сарапшыларды, бизнес өкілдерін, БАҚ пен азаматтық қоғам өкілдерін бірге жинайды.

Форум екіжақты және көпжақты байланыстар орнатуға, саяси кеңес беруге және ресми емес дипломатия жүргізуге арналған тиімді платформа ретінде де қызмет етеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Қасым-Жомарт ТоқаевАнталия дипломатиялық форумыТүркияхалықаралық форумсаясатдипломатияЕрдоған
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз