Токаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысуда
@TengriNews
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталияда өткізілетін дипломатиялық форумның панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгрес-орталығына келді.
«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбында өтетін көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова мен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе де қосылады. Модератор ретінде Түркия Ұлттық Мәжілісінің мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу сөз айтады.
Бұған дейін 17 сәуірде Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен баратыны хабарланған еді. Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панельдік сессияда сөз сөйлейді. Сонымен қатар, бірқатар екіжақты кездесулер жоспарлануда.
Дереккөз: tengrinews.kz