Токаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысуда

2026 ж. 17 сәуір
Токаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысуда

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталияда өткізілетін дипломатиялық форумның панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгрес-орталығына келді.

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбындағы көшбасшылардың панельдік талқылауына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова мен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе де қатысады. Түркия Ұлттық Мәжілісінің мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу модератор болып табылады.

Бұған дейін 17 сәуірде Тоқаев Реджеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен баратыны хабарланған еді. Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панельдік сессияда сөз сөйлейді. Сонымен қатар бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарлануда.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ТоқаевАнталия дипломатиялық форумыТүркияхалыараралық форумекіжақты кездесулерпанельдік сессия
Қаралым: 1

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз