Токаев Сауд Арабиясының Королі мен Тәж мұрагеріне мемлекеттің негізін қалау күнімен құттықтады

2026 ж. 22 ақпан
Токаев Сауд Арабиясының Королі мен Тәж мұрагеріне мемлекеттің негізін қалау күнімен құттықтады

@Akorda

ӘлемАвтор: Mangilik

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының ұлттық мейрамы – Патшалықтың негізін қалау күніне орай патша Салман бен Абдул-Азиз әл-Сауд пен мұрагер ханзада, премьер-министр Мұхаммед бен Салман әл-Саудқа құттықтау телеграммаларын жолдады.

Хаттарда Қазақстан мемлекет басшысы Сауд Арабиясының ислам әлемінде және Таяу Шығыстағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі ретіндегі ерекше рөлін атап өтті.

«Достық қарым-қатынас және өзара сенім негізінде қалыптасқан екі ел арасындағы көпсалалы ынтымақтастық екі халыттың мүддесі үшін одан әрі белсенді нығая түседі деген сенімді білдіремін», – делінген президенттік құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев патша мен мұрагер ханзадаға жауапты қызметтерінде табыс, ал бүкіл сауд халқына береке мен гүлдену тіледі.

Дереккөз: www.akorda.kz

Тегтер:ТоқаевСауд АрабиясыСалман бен Абдул-Азиз әл-СаудМұхаммед бен Салман әл-СаудҚазақстанПатшалықтың негізін қалау күніқұттықтау
Қаралым: 9

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз