Токаев Эрдоғанның келесі айда Қазақстанға мемлекеттік сапарын жариялады
@TengriNews
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталияда өткен дипломатиялық форумның панельдік сессиясына қатысты. «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» («Ертеңді картаға түсіру, белгісіздіктерді басқару») тақырыбындағы іс-шараны Түркия Республикасының Парламент депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Шавушоглу модеражерледі.
Сөз сөйлеу барысында Қазақстан лидері Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоғанның рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Эрдоған жетекшілігімен Түркия халықаралық қатынастарда беделді қатысушы ретінде өз орнын нығайтуда.
Ең алдымен, осы аймақта Реджеп Тайип Эрдоған сияқты көрнекті көшбасшы жетекшілігімен Түркия атқаратын жетекші ролды атап өткім келеді. Біздің елдердің өз аймағымызда, өкінішке орай, мезгіл-мезгіл туындайтын ең өткір мәселелерді шешуде өте позитивті, тіпті айтарлықтай рөл атқара алады деп санаймын. Мұндай мүмкіндікті пайдаланып, біз Президент Эрдоғанның келесі айда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуін үлкен ынтамен күтеміз
– деді Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде.
Панельдік пікірсайыс барысында Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова мен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе де сөз сөйледі.
Дереккөз: tengrinews.kz