Токаев Нахичевань аэропортына дрон шабуылын айыптады
@TengriNews
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ираннан ұшырылған ұшқышсыз аппараттардың Нахичевань қаласындағы әуежайға жасаған шабуылын қатты сынады. Бұл туралы Президент кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Тоқаев бұл әрекетті бауырлас, одақтас Әзірбайжанға қарсы акт ретінде бағалап, оны айыптады.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы инцидентті Иранмен бірлесіп мұқият тергеуге және аймақтағы шиеленістің эскалациясын болдырмау үшін қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеуге үміт артты.
Бұрын Иран аумағынан ұшырылған дрондар Нахичевань әуежайының аумағына құлағаны белгілі болған еді. Кейін Әзірбайжан СІМ жариялаған мәліметтерге сәйкес, нәтижесінде әуежай ғимараты зақымдалып, бірнеше тұрғын жараланды.
Тегеран Әзірбайжан бағытында дрон ұшыруды жоққа шығарды. Иран Бас штабының өкілдері де осындай әрекеттерді бұрын Израиль мұсылман елдері арасындағы қарым-қатынасты нашарлату мақсатымен жасағанын атап өтті.
Дереккөз: tengrinews.kz