Ғалымдар мемлекеттік марапаттарға ие болды
@TengriNews
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы жетістіктері мен жоғары білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ ғалымдарды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
«Парасат» орденімен екі ғалым марапатталды. Олар: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Құляш Керімбекқызы Дүйсекова және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің зертхана меңгерушісі Сәрсенбек Әлиакбарұлы Монтаев.
«Құрмет» орденін алты зерттеуші алды. Марапатталғандар тізіміне Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директорының орынбасары Ғалымжан Мұстахимұлы Дүйсен, К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің проректоры Ержан Итеменович Күлдеев, Биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу институтының бас ғылыми қызметкерлері Виктор Карлович Мерц пен Мухит Бармакулы Орынбаев, Жану проблемалары институтының бас ғылыми қызметкері Николай Георгиевич Приходько және Металлургия және байыту институтының зертхана меңгерушісі Несіпбай Қуандықұлы Түсіпбаев кірді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен жиырма бір тұлға табыс етті. Марапатталғандардың арасында Astana IT University директоры Бейбет Болатгазыевич Әбдікенов, Астанадағы Ядролық физика институты филиалының директоры Дарын Боранбаевич Бөргеков, Жас ғалымдар альянсы төрағасы Асия Әмерханқызы Ермұхамбетова, Шәкәрім университетінің профессоры Асқар Бағдатұлы Қасымов, Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі Ерболат Нысаналыұлы Махамбетов сияқты әр түрлі сала өкілдері бар.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы «Халықаралық көлік-гуманитарлық университет» мекемесінің президенті Амангелді Жұмағалиұлы Омаровқа берілді.
«Қазақстанның еңбек сiңiрген ғылым және техника қайраткерi» құрметті атағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетiнiң аға ғылыми қызметкерi Қайрат Камалұлы Әдіржановқa табыс етті.
Дереккөз: tengrinews.kz